Ақын-жыраулар, сал-сері тегіс жырлаған ақбілек хас сұлуды сүрінген жерінен Мағжан мен Мұхтар күнәдан ақтап алды. Онысы әйел деп емес, адам деп ақтаумен қымбат. Творчествоның өзегіндегі адамсүйгіштік пафос «Қаралы сұлу» мен «Шолпанның күнәсі»тәрізді жаһұттай мөлдір әңгімелердің тұлғасын зорайтып жіберді.