МҰҒАЛІМНІҢ РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

  Кулшат Хамзина (Қостанай, Қазақстан) |    Завантажити статтю

«Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымынан туындайды. Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды былай сипаттайды: «Қандай да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, толассыз және мұқият қарастыру, осының салдарынан туындаған қорытындаларды талдау» [1, б. 15].