Қоғамдағы қазіргі қарқынды даму білім беру жүйесінің де орнында тұрып қалуын қаламайды. Дамудың басты бағыттары білім мен ғылым екені барлығына мәлім. Сондықтан, еліміздегі білім беру жүйесін заман талабына сай дамытып, жетілдіру негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Жаңа үлгідегі бағдарлама сапалы білім беруге жағдай жасайтын, жеке тұлғаның қалыптасуына бағытталатын және бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелейтін ауқымды үдеріс болмақ. Бұндай мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін оқыту үдерісінің қатысушылары үздіксіз білім алып, оны жетілдіріп, кәсіби шеберліктерін шыңдап отыруы қажет. Жаңартылған білім берудегі өзгерістер мен ерекшеліктер жаңа сапалық деңгейге өтуге, өсуден тұрақты дамуға бағытталған.
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДА БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
Кызылгуль Тумарбаева (Нур-Султан, Казахстан) | Завантажити статтю