Жеке тұлғаның қалыптасуы балалық шақтан басталады. Қазіргі таңда баланың ерте жастағыhttps://works.doklad.ru/view/k55w9oZb54E.htmlдамуына ықпал ететін негізгі құрал – мультфильм және ұялы телефондардағы ойындар. Соңғы жылдары телеарналарда отандық және шетелдік, әсіресе америкадан шыққан мультфильмдер қатары көбейді. Қазіргі балалардың мультфильм арқылы тәрбиеленіп, мультфильм арқылы тілі шығып жатқаны жасырын емес. Шетелдік мультфильмдер қатарының күн санап артуы және олардың өскелең ұрпақтың психикалық дамуына ықпалы педагог-психолог, ата-аналар тарапынан алаңдатушылық тудыруда. Мультфильмдерді жасаудың жаңа технолоияларына қатысты да (компьютерлік графика, әртүрлі арнайы эффектілер және т.б.) көптеген мәселелер бар. Бұрынғы қуыршақ және сурет арқылы жасалған мультфильмдер жасалу тәсілі жағынан да, қабылдау жағынан да бала психикасына тек жағымды әсер қалдырса, қазіргі мультфильмдер жайлы олай айту қиын.
мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуына мультфильмнің ықпалы
Курамысова Жулдыз (Казахстан, Талдыкорган) | Завантажити статтю