ЭТНОАТАУЛАРДЫҢ РУХАНИ АРНАЛАР

  Айдана Нұрлыжігіт (Талдықоған қ. Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қазақ тілі – түркі әлемінің және қазақ халқының ғасырлар бойғы жинақталған әдеті мен ғұрпына, салт-дәстүріне, нанымы мен салтына, сеніміне қатысты жинақталған білімдердің сақтаушысы. Халықтың этностық ерекшелігі тілінде сақталады. «Тіл – қандай да бір ұлттың дүниетанымының, тарихының, барлық бітім-болмысының көрінісі. Сондықтан ұлттық үрдіс пен ұлт тілінде жазылған кез келген шығарманың негізінде аталған дүниетаным, тарих, бітім-болмыс ұғымдарымен қатар сол ұлттың өмірі, өмір сүру сипаты, ұлт қоғамында болған оқиғалардың ізі, ерекшеліктері жатады» [1, 77б].