МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ҮШІН ҚОСЫМШАЛАРДЫ ТЕСТІЛЕУДІҢ ӘДІСТЕРГЕ ШОЛУ

  Гульнара Сейдалиева, Қанатұлы Әділет, Гаухар Сейдалиева (Алматы, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қазіргі уақытта мобильді технологиялар күнделікті өмірде кең таралған. Әрбір адамда мобильді телефон бар. Мобильді құрылғылар уақыт өткен сайын күрделенуде. Смартфон, коммутатор, планшетті компьютерлер сияқты құрылғылар пайда болды. Бұл құрылғылар кешегі дербес компьютер сипаттамаларынан кем емес, олар операциялық жүйелермен (ОЖ) басқарылатын күрделі программалы-аппаратты кешен ретінде ұсынылған. Смартфондардың пайда болуына дейін телефондар кірістірілген программалық қамтамасы (ПҚ) бар қарапайым жүйе болған. Осындай ПҚ-да тестілеу қолмен жасалынған. Мобильді технологиялардың ары қарай дамуының артуы мобильді құрылғылар үшін ПҚ тестілеу әдістемесіне қолданылатын қиындық пен ПҚ тестілеу қиындығының арасындағы алшақтыққа алып келеді.