МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ҮШІН ҚОСЫМШАНЫҢ ТЕСТТІК ҚАМТЫЛУЫНЫҢ МЕТРИКАСЫ

  Гульнара Сейдалиева, Гаухар Сейдалиева, Қанатұлы Әділет (Алматы, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Дербес мобильді құрылғылар (смартфондар, дербес қалта компьютерлері, планшеттер) қазіргі замандағы әлемнің ажырамас бөлігі болып табылады. Мобильді құрылғылардың әрбір пайдаланушысы тілдесу және бизнес жүргізу үшін аса күшті құралға қол жеткізді. Көптеген компаниялар мобильді құрылғыларды өз тауарлары мен өнімдерін жарнамалау және сату үшін, сондай-ақ өз қызметкерлерімен тұрақты байланысты қолдап отыру үшін пайдаланады. Барлық осындай функциялар – мобильді құрылғылар үшін арнайы жасалатын әр түрлі программалық қамтамасыз етудің көмегімен жүзеге асырылады.