ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫН АУДАРУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР

  Айтолқын Әбдірахман (Астана, Казахстан) |    Завантажити статтю

Қазіргі таңда көптеген зерттеушілер түр-түс атаулары менен оның өзге тілде берілу мүмкіндіктеріне ерекше қызығушылық танытуда. Түр-түс атаулары мәселесі бірқатар лингвистикалық бағыттар тарапынан қарастырылғанымен, аударма тұрғысынан әлі толықтай зерттеле қойған жоқ. Түр-түс атауларын аударма аспектісі тұрғысынан түрлі тілдердегі көркем шығармалар негізінде салыстыра талдау аталмыш лексика-семантикалық топ жайлы білімімізді кеңейтіп, лингвистикалық және ұлттық ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Осыған орай, қазақ және ағылшын тілдеріндегі түр-түс атаулары мен олардың аудармада берілу мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.