ОСӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ САБАҚТАРЫНДА ДЕБАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

  Айнагүл Еспенбетова (Ақтөбе, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына жету үшін қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Соған орай білім мен ғылым жаңа заман талабына жаңа идеялармен жаңа талаптар қоюды міндеттейді. Елбасының жолдауында Жаңа әлемдегі-Жаңа Қазақстан атты жолдауында «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген. Білім беру жүйесі жаңа өркениетті қоғамға қажетті білімді, қабілетті, өз ойын еркін білдіретін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуге бағытталған[1, с. 23].