Бала өмірінің бесінші жылы естиярлық кезең деп аталады. Мұнда бала жылына 5-7 см өсіп, салмағы 1,5-2 кг артады. Естиярлар тобында баланың омыртқасы жақсы дамығанмен әлі нәзік, күш түсіретін жаттығулар берілмеуі керек. Бұлшық еттері біркелкі дамымайды. Қимыл аппаратының дамып жетілуі тұқымқуалаушылық пен сыртқы факторларға (тамақ, тұрмыс жағдайы, қозғалыс белсенділігі, т.б.) байланысты. Баланың көру, есту мүшелерін күту өте қажет, әйтпесе көздің қарашығы, қысымы, бұлшық еттері өзгеріске ұшырап алыстан немесе жақыннан көре алмау сияқты ақаулар пайда болады. Бұл кезде балаға шуда қатты әсер етеді.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН БАЛАЛАРДЫҢ САНДЫҚ ТҮСІНІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Кулимхан Байдешева (Казахстан г. Сатпаев) | Завантажити статтю