ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ МӘЛІМЕТТЕРІН ВЕЙВЛЕТ-ТҮРЛЕНДІРУ ӘДІСІНЕ НЕГІЗДЕЛЕ ОТЫРЫП ОПТИМАЛЬДЫ СЫҒЫМДАУ

  Айланыш Толстой, Асемгуль Сулейменова (Астана, Казахстан) |    Завантажити статтю

Әртүрлі мақсаттардағы есептерді шешу үшін, тұтынушылардың кең қолданысына ие болған, Жерді қашықтықтан зондтау жүйесінің техникалық мүмкіндіктерінің дамуына сәйкес, осы жүйе тікелей негізделетін мәліметтер көлемі терабайттармен саналады және үздіксіз өсуде. Сондықтанда осындай мәліметтерді сығымдау әдістерін әртүрлі амалдармен және программа-аппараттық орталарды қолдана отырып, өңдеу тиімділігін, сақтау және байланыс жүйесінде аэроғарыштық кескіндерді тарату сапасын айтарлықтай дәрежеде арттыру өте өзекті мәселеге айналып отыр. Мәліметтерді бастапқы өңдеу сатысы мен автоматтандырылған классификацияны есепке ала отырып, қалпына келтірілген аэроғарыштық кескін статистикалық айқындылық қасиетінің бұрмалануын болдырмайтын, шығынсыз сығымдау алгоритмі үлкен маңыздылыққа ие.