АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГ МЕН АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ

  Индира Гайнуллина, Аяулым Кайдарова Молдир Мусапарбекова (Астана, Қазақстан Республикасы) |    Завантажити статтю

Қазақстан Республикасы президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы «Қазақстан – 2030 барлық қазақстандықтардың өніп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына жолдауында ұзақ мерзімді басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздік айқындалды, оның құрамының бірі ақпараттық қауіпсіздік болып қарастырылды. Қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық және мәдени өмірдегі ақпараттық технологиялардың даму серпіні ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешуге жоғары талаптар қойды. Ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ақпарат алу саласында адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға қабілетті ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық, әлеуметтік тетіктерді қамтитын кешенді көзқарасты пайдалануды, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты заңдылық пен құқықтық тәр- тіпті қорғау мақсатында пайдалануды, ақпараттық қауіпсіздік саласында тиімді дамуды талап етеді.