ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНА «ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

  Талғат Байдильдинов, Дархан Алибеков (Талдықорған қ., Қазақстан) |    Завантажити статтю

Тұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты процестің бірі – оқыту процесі (оқу процесі) болып табылады. Оқыту процесі күрделі процесс болып табылатындықтан оның анықтамалары да әртүрлі. Ерте дәуірдегі және ортағасырлық ойшылдар еңбектерінде «оқыту», «оқыту процесі» ұғымдары «білім беру» деген мағына береді. Өткен ғасырдан бастап оқыту ұғымына білім беру және оқу компоненттері енгізіле бастады. Мұнда білім беру – мұғалімнің оқу материалын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті, оқу – оқушының ұсынылған білімдерді меңгеруге бағытталған іс-әрекеті ретінде көрінеді. Кейінірек оқыту түсінігі сол сияқты мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыруды басқару іс-әрекеті және мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін де қамтиды [1].