ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІ АУДАРУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЛЕКСИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУ ЖОЛДАРЫ

  Надим Қарлығаш Асхатқызы (Астана, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Аударма ісінде аудармалық трансформациялардың түрлері мен амал-тәсілдерін оқып уйрену аса маңызды. Себебі кез-келген көркем шығарманы бір тілден екінші тілге, әсіресе құрылымы жағынан бір-біріне мүлде ұқсамайтын ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда қиындықтар туындап жататыны бәрімізге, соның ішінде аудармашыларға жақсы таныс. Сол себепті аудармалық трансформацияларды жан-жақты және толықтай қарастыру мен аударма барысында барабарлыққа қол жеткізу үшін оларды қолдану зерттеудің маңыздылығы болып табылады.