Тіл саясатының тіл туралы ғылымдағы орны

  Жулдыз Султанова (Ақтөбе, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей “Ұлтты күшейтудiң бiрiншi тетiгi, әрине, тiл. Өйткенi толыққанды тiлсiз толыққанды ұлт болуы мүмкiн емес” [1]. Сонымен, тiл дегенiмiз - нақтылы әлеуметiк өмiр тәжиiрибесi, адамдар қарым - қатынасының маңызды құралы. Ол тарихи, мәдени, ғылыми, әдеби және т. б. ақпараттардың өте бай қоры. Осы ретте оны қоғам өмiрiнiң айнасы деуге болады. Тiл қарым-катынас, информацияны жинақтау мен сақтаудың құралы ретiнде қоғамға қызмет етедi. Жалпы сақталуы да, жоғалуы да тiлге байланысты. “Сөзi жоғалған ұлттың өзi де жоғалады” деп тегiнге айтылмаған. Қазiргi кезде ұлтты күшейтудiң бiрiншi тетiгi - тiл. Тiлсiз ұлт болуы мүмкiн емес.