ЖОБА ӘДІСІН ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  Айгуль Бекетова (Талдыкорган, Казахстан) |    Завантажити статтю

Оқыту үрдісінің қазіргі заманғы моделінде көптеген оқыту әдістерін ерекшелеуге болады, солардың бірі – жоба әдісі. Е.С.Полат осы әдіске мынандай анықтама береді: «...қандай да бір тәсілмен безендірілген нақты тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс проблеманы бөлшектеп қарастыру арқылы дидактикалық мақсатқа жету тәсілі» [1, 240 б.]. Н.В.Матяштың пікірінше жоба әдісі – «практикалық мәні бар және субъективті немесе объективті жаңалыққа ие жаңа тауарлар мен қызметтерді мұғалімнің бақылауымен жасау үрдісінде оқушы тұлғасының өз бетімен дамуына бағытталған оқыту жүйесі, оқу үрдісін ұйымдастыру моделі» [1, 241 б.].