ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ

  Н.А. Каттабекова (Қазығұрт, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қазақстан Республикасы « Білім туралы» Заңының 8 - бабында « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: « Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Ендеше өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың жан –жақты, терең білімді болып шығуы үшін әр мұғалімге артылар жүк аз еместігі айқын байқалынады. Білімді болудың басты шарты – ол оқушының оқу іс – әрекетінде аса зейінді болуы десек болады. [1, 6-б].