МЕКЕМЕНІҢ АРХИВ БӨЛІМІН АВТОМАТТАНДЫРУ

  Гульназ Нурбек, Гульнара Сейдалиева, Гаухар Сейдалиева (Алматы, Казахстан) |    Завантажити статтю

Бүгінгі таңда электрондық архив бөлімін құру өте маңызды болып табылады. Қағаз құжаттардың көлемінің өсуімен және оларды пайдалану және сақтау күрделілігін арттыруымен байланысты маңызды орынға ие болып отыр. Сондықтан архив бөлімін автоматтандыру, қағаз мұрағаттар электрондық айналымы құжат мұрағатымен жұмыс жасауға ұйым үшін тиімді болып табылады. Біріншіден, бұл құжаттардың жоғалуы немесе жойылуы сақтандыру түрі болып табылады. Екіншіден, ол іздеу және пайдалану қарапайымдылығын арттырады.