Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борьшттың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық қарыздар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
САТЫП АЛУШЫЛАР МЕН ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ БОРЫШТЫҚ ЕСЕБІ
Лаура Байтуова, Анара Елбаева, Гаухар Уржанова (Астана, Қазақстан) | Завантажити статтю