ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

  Асель Оразбаева (Талдыкорган, Казакстан) |    Завантажити статтю

Бүгінгі таңда, қоғамның барлық саласында, сонымен қатар білім саласында да компьютерлік технологияның қарқынды енгізілуі анық байқалып отыр. Білімді ақпараттандыру мәселесі көпжақты мәселе, оның ең негізгі бағыттарының бірі – мультимедиалық бағдарламаларды оқу процесінде қолдану. Белгілі бейненің әмбебаптылығы, бейімділігі, ауқымдылығы, дамытушылығы, қолжетерлігі сияқты қасиеттері оқу процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп, оны сапалы, жаңа бір сатыға көтереді.