Аннотация. Физикалық дайындықтың төмендігі мен денсаулық жағдайы бойынша ауытқулардың болуы жұмыс қабілеттілігінің төмендігіне алып келетіндігі белгілі.Физикалық тәрбие құралдары арқылы ұйымдастырылған дене белсенділігі - жұмыс істеуге қабілеттерін дамытуға қуатты фактор болып табылады. Түйінді сөздер. Физикалық дайындық,физикалық тәрбие,студент,физикалық қасиеттер. Студент жастардың денсаулығы мен физикалық дайындығын жетілдірудегі кедергілер мемлекеттің маңызды проблемаларының бірі болып табылуда.Жастардың денсаулығын сақтау мен нығайту – қазіргі таңда ЖОО алдындағы басты міндеттердің бірі. Әрбір ЖОО студенттердің физикалық дайындығының жоғарлауына, спорттық қабілеттерінің жетілуіне және де салауатты өмір салтын ұстануын насихаттауға ұмтылуы қажет.
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ МЕН ДАЙЫНДЫҒЫ
Людмила Трубицкая (Астана,Қазақстан) | Завантажити статтю