Сүйінбайдың даңқын елге жайған, ауыздан ауызға тараған шығармаларының бір шоғыры- өз кезіндегі хан-қара, би-төре, бай-манаптарға, көз көрген замандастарына қарата айтылған өлеңдері. Бұл өлеңдері, ол бір жағынан – елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан – айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады. Кез келген біртуар дарын иесі сияқты, Сүйінбай да шапағат нұрын алысқа шашқан, өзіндік мектеп қалыптастырған, үлгі-өнегесін өкше басар ұрпағына жұғысты ете білген құнарлы ақын. Сүйінбайдың ақындық мектебі жайлы ғалым Х.Сүйіншәлиев: «Жамбылдан басқа ақындар да Сүйінбайды өздеріне ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген» [1,105б.], - деп тұжырымдайды. М. Әуезовтің кезінде «Сүйінбай - Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деген баға беруі де тегін емес, себебі.
СҮЙІНБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Әйгерім Қойшыбай, Қарлығаш Сарбасова (Талдықорған, Қазақстан) | Завантажити статтю