ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ

  Әйгерім Сәрсенбева (Ұзынағаш селосы, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Бүгінгі күнде бала тәрбиесі өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Бала тәрбиесінің ұстанымы нақтыланбаған мына қоғамда бізге бір ғана тәрбиенің көзі қалғандай. Ол, әрине, біздің ғасырлар бойы қалыптасқан ата салтымыздан қалған ұлттық тәрбие. Атам қазақ баланы жас ерекшелігіне, жынысына қарай тәрбиелеген. Ең алдымен адамгершілік қарым-қатынас, ар-ұят, мейрімділік, ізгілік, жомарттық тәрбиесі жүргізіледі. Көбінде қыз тәрбиесіне шеше, ұл тәрбиесіне әке баса мән берген. Сондықтан да қазақта «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген сөз қалған. Жалпы алғанда бала тәрбиесінде «Баланы бес жасқа келгенше хандай көтер, он бес жасқа келгенше құлдай жұмса, он бестен асқан соң, бидей ақылдас» деген халықтық қағиданы ұстанады.