ҚАЗАҚША КҮРЕСТІ МЕҢГЕРУДІҢ ТЕХНИКАСЫМЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

  Талғат Жұбанышбаев, Тимур Мүсірбай, Б. Қонақбаев, Е. Хапар, Б. Бақаев (Талдыкорган, Республика Казахстан) |    Завантажити статтю

Күрес жеке-жеке қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бір-бірімен байланысты) тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әрбір әдіс, қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады, ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте шартты түрде қозғалыстар былайша бөлінеді: 1.  қолдардың қозғалысы - ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу, т.с.с. 2. аяқтардың қозғалысы - қою, аттау, кейін қою, адымдап кету, бүгу, жазу  йіліп шалу, қағу, үстіне салу, т.с.с. 3. дененің    қозғалысы  еңкею,   тік көтеру, иілу, бұрылу,  қысу,  итеру,  құлату, т.с.с.