СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  Айнұр Мырзағұл (Астана,Қазақстан) |    Завантажити статтю

Сырдария – Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі. Бастауын Орталық  Тянь-Шань сілемдерінен алады. Нарын мен Қарадария өздерінің қосылған жерінен бастап Сырдария деп аталады. Арал теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2219  км, су жинайтын алабы 462 мың км кв. Орта және төменгі ағысы  Қазақстан жерінде республикадағы ұзындығы 1400  км, су жиналатын алабы 240 мың км кв. Өзен бастауын  тау деңгейінен жоғары 3300 — 4400 м биіктікте жатқан таулы өңірден алады. Алабында өзен суын толықтырушы, жалпы ауданы 2208 км кв болатын 1713 мұздық бар. Қазақстан жеріндегі (Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда обылыстары) алабы негізінен құмды келеді. Қызылқұмның солтүстік және Арал Қарақұмының оңтүстігімен ағады.