Қазақстанның жер көлемі жағынан үлкен әрі экономикалық қолайлы аумақта орналасқан, осы үстемдіктерді ескере отырып, тиімді басқару жолдарын қарастыру керек. Қазіргі кезде Қазақстанда туристік кластерді қалыптастыру мен дамыту туристік нарықтың дамуының негізгі көзі. Қазақстанда туристік кластерлерді дамыту жоспарында туристік ресурстарды бағалау және туристік индустрияны дамытудың стратегиясын ұсыну қарастырылған. Туризм экономикалық тұрғыда әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі. Ол, ел экономикасында маңызды рөл атқарады, сондай-ақ ғаламдық күйзеліске орай болашағы зор сала болып табылады. Туристік бизнес елдегі туризмнің әдістері, жолдары мен құралдарын қалыптастырып қана қоймай, ол мемлекет алдында тұрған кейбір әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Барлық саламен байланысы бар туризмнің нақты бейнесін Қазақстанда қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Туристік қызмет нарығын қалыптастырудағы туристік кластерлерді дамыту
О.Б.Мазбаев, А.А. Исаков (Астана, Казахстан) | Завантажити статтю