ФИЗИКАДАН ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

  Манат Қожахмет, Жұлдыз Нұрмаханова (Арқалық, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекттік бағдарламасын іске асыру міндеттері ұстаздар алдына қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесін құруды көздейді. Сол себепті де қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды барынша меңгеріп, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыларды оқыту мен тәрбилеу ісін дұрыс жолға қоя білуіміз керек. Сондықтан сабақ өткенде өзіндік жұмыс формасын өзгерте отырып оқушылардың білім дәрежесін тексеру, жаттықтыру жолдарын іске асырған абзал. Өйткені, барлық оқушыларға берілген бірдей тапсырма бір оқушы тек жаттығу есебі болса, екінші біреу үшін ол белгісіз тапсырма болуы мүмкін.  Ендеше олардың бір топтан екінші топқа орын ауыстыруына, үздіксіз алға ұмтылуына ықпал етіп отыру мұғалім шеберлігін талап етеді.