КЕЙБІР ТРАНСЦЕНДЕНТТІК ФУНКЦИЯЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

  Гүлмира Сабитбекова, Махсуджан Элтаев (Арқалық қаласы, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Элементарлық функциялар алгебралық және трансценденттік болып екі топқа бөлінеді. Функция аргументіне тиянақты санды алгебралық амалдар ғана қолданса, онда ондай функциялар алгебралық функциялар деп аталады. Алгебралық функцияларға мына төмендегі функциялар жатады: а) бүтін рационал функция б) бөлшекті рационал функция в) иррационал функция. Аргументіне қолоданылатын амалдардың құрамында түбір табу саланы болған жағдайда алгебралық функцияны иррационал функция деп атайды. Трансценденттік функцияларға жататын функциялар: көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық, кері тригонометриялық функциялар және алгебралық функциялармен осы функциялардың әртүрлі суперпозициясы.