МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАДАН ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

  Анар Тулегенова, Сымбат Анарқұл (Арқалық, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Бүгінгі жастар – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.