ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ КЕҢІСТІК (ЭТНОГРАФИЯ, ЭПИКАЛЫҚ БАЯНДАУ, ПЕЙЗАЖ)

  Лунара Мырзабаева (Талдықорған, Қазақстан Республикасы) |    Завантажити статтю

Қазақтың ұлы жазушы-ғалымы М.О.Әуезов ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы жайында: «Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде Қазақстанда көркем проза туа бастады. Қазақ жазушыларының проза саласында жеткілікті тәжірбиесі болмады. Расын айтқанда, ол кезде қазақ әдебиетшілерінің арасында талантты прозаиктер жоқ та еді. Сондықтан тұңғыш қазақ повестерінде Абай поэзиясына тән ерекше хас тереңдік және ауылды, кейіпкерлердің ішкі дүниесін суреттеген көркем кемелділік жоқ. Сөйтсе де қазақ оқушысы тұңғыш романдарды бас алмастан оқыды, оларда заманның талап тілектері шынайы берілгендігін жоғары бағалады»,-дейді.