ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

  Еркін Оспанов (Шолпан, Казахстан), Ербол Оспанов (Астана, Казахстан) |    Завантажити статтю

Қазақстан республикасының «2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында» біздің республиканың білім жүйесі әлемдік денгейімен үндеспей отырғандығына көңіл бөліп,білім жүйесінің алдына биік міндеттер жүктейді оқушыға білім білік дағдыларын беріп қана қоймай ол жиі өзтеріп тұратын нарық жағдайына тез бейімделе алатындай етіп тәрбиелеу қазіргі заманның маңызды талабы. Мұғалімдер съезінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол денгейде болады деген еді. Қазіргі уақыт талабы болып отырған жаңа технологияның өзі жаңадан пайда болған дүние емес, оның негізі ерте кезде-ақ қалыптасқан, бірақ уақыт ағымына қарй түрлі өзтерістерге ұшырап, зерттеліп, жетілдірілді. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің барлық жақтарынан дер кезінде және толық мәнімен алып отыруға,білім беру мазмұнын ізгелендіруге мүмкіндік беретін ақпараттандырудың маңыздылығымен ерекшеленеді. Жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты бөліктерінің бірі-жаңа технологияны пайдалану арқылы жеке тұлғаны дамыту. Осы талаптарды орындау үшін,біріншіден оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуына әрекет ету.екіншіден оқытудың дербес және топтық түрлері арқылы оқытушыға сенім арту,мұғалім-ұйымдастырушы, бағыт беруші. Үшіншіден жаңа технологияның мақсаты-оқытуды ізгілендіру.