ОБЪЕКТІЛІ -БАҒЫТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ИНСТРУМЕНТАЛДЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

  А.М. Джумагалиева (Астана, Казахстан) |    Завантажити статтю

Объектілі бағытты бағдарламалаудың негізгі түсінігі – объект. Объект терминін қолдану программалық жүйелердің күрделілігін азайту үшін қажет болды және объект деп жүйенің компонентін немесе білім фрагментін белгіледі. Объектілік көзқарастың негізігі компоненттері: абстракциялау, қатынасты шектеу, модульділік және иерархия [1]. Абстракциялау – кейбір объектінің маңызды, оны объектілердің барлық басқа түрлерінен ерекшелейтін қасиеттерін анықтау. Абстракциялау объект тәртібінің маңызды ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Қатынасты шектеу – бұл объекттің жеке элементтерін (объект құрылымын, оның әдістерінің жүзеге асырылуын) қорғау процессі. Модульділік – бір бірімен тығыз байланысқан модульдер қатарына бөлу мүмкіндігімен анықталатын жүйенің қасиеті. Жүйені жобалау барысында модульдер кластар және объектілер анықтамалары орналасатын контейнерлер ролін атқарады. Абстракциялау, қатынасты шектеу және модульділік күрделі жүйелерді қарапайымдылау құралдары болып табылады. Бірақ бұл құралдар жеткіліксіз болады. Программалардың күрделілігін төмендетудің тиімді механизмі – иерархия. Иерархия реттелген абстракциялар жүйесі деп түсініледі. Объект түсінігі берілгендерді және оларға қолданылатын әрекеттерді біріктіреді. Объектіде оның қасиеттері және тәртібі топталған. Объект келесі бөліктерден тұрады: - атауы, - қалып-күйі (атрибуттар, объекттің құрылымы), - әдістер (операциялар, объектіге қолданылатын әрекеттер). Объект интерфейсі әдістерімен толық анықталған: объектіні қолдану тек оның әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады[2].