ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ЕСЕП ШЫҒАРУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

  Сауле Нұрқасымова (Казақстан Республикасы, Астана қаласы) |    Завантажити статтю

Білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасының саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты, сапалы жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу "Білім туралы" Заңда білім беру жүйесінің басты міндеті "Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау" делінген [1]. Білім беру саласында физика пәнін оқыту барысында білім алушылардың қалыптасуы, ең алдымен оның жалпы білім сапасын арттыру іске асырылуы тиіс. Қазіргі оқытудың негізгі ерекшелігі – оның білім алушыларды әлеуметтік өзгерістерге бейімдеп қана қоймай, оны оңай әрі тез арада қабылдауға дайындауы, бағыттауы. Жалпы физикадан білім беруде оқытушылардың жаңа технологияларды пайдалану практикасын дамытсақ, оқытушы өз сабағында орынды пайдалану арқылы еңбек тәжірибесін дамыта алады.