ФИЗИКА ПӘНІНДЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

  Сәуле Нұрқасымова, Роза Аканова (Казақстан Республикасы, Астана қаласы) |    Завантажити статтю

"Білім туралы" Занда білім беру жүйесінің басты міндеті "Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау" делінген [1]. Жалпы орта білім беретін мектептерде физика пәні, бойынша сынып-тан тыс жұмыстың алатын орны ерекше. Сыныпта ғана атқарылатын физика пәнінің жұмысы оқушылардың жан-жақты білімін толықтыра алмайды. Сондықтан оқушылармен сыныптан тыс жұмысты жүргізуді талап етеді. Сабақты көп босататын және оқу қаблеті төмен оқушылар үшін мұғалімнің басшылығымен сыныптан тыс жұмыстың орны үлкен. Қазіргі заманауи талабына байланысты, кейбір оқушылардың талабы, ынтасы, білімі оқу бағдарламасынан жоғары болуы мүмкін. Бұл жағдайда педагогикалық әсерді кеңейтуді және олардың физикамен, оған байланысты техника тарауларынан алатын білімдерін кеңейтуді, талаптарды арттыруды және жаңа тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Оқушыларды қызықтыратын, ой-өрісін кеңейтетін сыныптан тыс жұмыстың бірі - физикалық кеш.