Сапа жүйесінде нақты статистикалық әдістерді таңдау мен қажеттіліктерін анықтау аналитикалық және ұйымдастырушылық сипаттың едәуір қиын және ұзақ жұмысы болып табылады. Статистикалық әдістерді меңгеру үшін қолжетімді және оңай әдістерден бастап, тек содан соң күрделі әдістерге көшу керек. Қазіргі таңда сапа басқарудың жаңа концепциясы – «Алты сигма» әдісі қарқынды қолданылып келеді. Оның негізін қалаған «Моторола» компаниясы болды: ол 1987 жылы қаңтар айында өнім сапасын жақсартуға мақсатталған өзінің басшылық жаңа принципиалды стратегиялық инициативасын жүзеге асыруға кірісті. Оны 1987-1997 жж. период аралығында іске асыру нәтижесінде компанияның шығынның 13 млрд. долларға төмендетіп және еңбек өнімділігін 204 арттыруға мүмкіндік берді [1,2]. Алты Сигма жүйесін енгізудің дәстүрлі мақсаты 1 суретте келтірілген.
САПАНЫ БАСҚАРУДА «АЛТЫ СИГМА» ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Айнур Оңлабекова, Орынбаева Ұлтуған, Айтолқын Отуншиева, Айнур Жетібаева (Тараз, Қазақстан) | Завантажити статтю