ЖАРНАМА ТІЛІНІҢ ТІЛДІК ОРТАҒА ЫҚПАЛЫ (ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАРНАМАЛАР НЕГІЗІНДЕ)

  Г.Т. Чукенаева (Талдықорған қ., Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қазіргі таңда тілдің қатысымдықәрекеті лингвистер тарапынан кеңінен зерттелуде. Соның жаңа бір бағыты – тілдің экологиялық қызметі. Э.Хаугеннің сипаттауынша «Тіл экологиясы дегеніміз – тілдің қоршаған ортасымен өзара қатынасы туралы ғылым, тілді қоршаған орта деп тілдің өзінің кодтарының бірі ретінде қолданатын қоғамды айтуға болады. Тіл экологиясы жартылай физиологиялық (яғни сөйлеушінің санасында басқа тілдермен өзара әрекеттестікте) және жартылай әлеуметтік (яғни тілді коммуникация құралы ретінде қолданатын қоғаммен өзара байланыста) сипатқа ие. Тіл экологиясы оны үйренетін, қолданатын және өзге адамдарға тарататын адамдарға тәуелді» [1.47]. Тіл экологиясының міндеті: тілдік ортаның саламаттылығын сақтау, азаматтардың тілдің болашағына деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, тілдің дамуының объективті бет-бейнесін көрсету, оған төніп отырған қауіп жөнінде қоғамға дабыл қағып, тілдік ортаны қамқорлыққа алу, тілдік нигилизммен күрес, сөз тазалығына нұқсан келтіретін жаргон, дөрекі, былапыт сөздерге әуестенушіліктің алдын алу, тіл басқыншылығылығына қарсы күрес, кемел тілдік тұлға қалыптастыру және т.б.