ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ САЛЫСТЫРУ ӘДІСІМЕН БАҒАЛАУ

  Лаура Байтуова, Куаныш Раимкулов, Байман Наурызбай (Астана, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Меншікті бағалауға салыстырмалы тәсілдің ерекшеліктері болып құнның қорытынды шамасының, бір жағынан, ұқсас компанияларға тиесілі акцияларды сатып алу-сатудың нарықтық бағасына, басқа жағынан, нақты жеткен қаржылық нәтижелерге бағытталуы табылады. Бағалаудағы салыстырмалы (нарықтық) тәсілде активтердің құндылғы жеткілікті құрылған қаржылық нарық бар болғанда қаншаға сатылуы мүмкін екендігімен анықталады деп болжанады. Басқаша айтқанда, бағаланатын кәсіпорын құнының ең мүмкін шамасы нарықпен тіркелген ұқсас фирманы сатудың нақты бағасы болуы мүмкін.