КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУДЕ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА АРАСЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ

  Сауле Нуркасымова, Қайыржан Балабеков Жұман Алтеев (Астана қаласы, Казахстан)  |    Завантажити статтю

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген [1]. Орта және жоғары оқу орындарының қайсысында болса да физика пәнін оқыту барысында қанағаттандырылатын негізгі талаптардың бірі пәнаралық байланыс. Физиканы оқыту процесінде әсіресе оның математикамен пәнаралық байланысына көп көңіл бөлінуі қажет. Себебі математика мен физика арасындағы пәнаралық байланыс, негізінен осы пәндер қарастыратын идеялар мен әдістердің өзара сәйкестігі: