КОРПОРАТИВТІ ТАБЫСҚА САЛЫҚТЫҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  К.Ж. Садвакасова, Асем Сатыбаева (Астана, Казақстан) |    Завантажити статтю

Салықтық аудит көбінесе бір және бірнеше қызмет түрлерімен айналысатын, көптеген шаруашылық операциялардыы жүзеге асыратын, мәміле немесе келісімшарт негізінде қызмет ететін орта және ірі кәсіпкерліктерде талап етіледі. Осындай шаруашылық субъектілрерінің айналымдары үлкен, оған байланысты тиісті салықтық міндеттемелер мен айыппұлдар мен өсімдер де едәуір жоғары болады. Кез келген кәсіпорынның салықтар бойынша аудиттің жүргізілуі белгілі бір салықтардың кем төленуін уақытында алдын алу мен олардың анықталуы кәсіпорынның салықтық тексеру басталмас бұрын қателер түзетілген есеп берулер мен декларацияларға толықтырулар енгізу арқылы және жетіспеушіліктер мен өсімпұлдарды төлеу арқылы алдын алумен кәсіпорынды айыппұлдардан қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді. Осылайша, салықтар бойына жүргізілетін аудит кәсіпорынды салықтық тәуекелдер қатерінен тиімді сақтау әдісі болып табылады.