АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ КЕЗЕҢДЕРІ

  Б.М. Асанов, Р.Е. Құралбаева (Қазақстан, Алматы қ.) |    Завантажити статтю

Бәрімізге белгілі, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылы 14 желтоқсанда еліміздің келешегіне айқын бағдар көрсеткен, ХХІ ғасырдағы басты міндеттерді қамтыған «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария етті. Елбасы Н.Ә. Назарбаев әлемдегі үшінші сын-қатер деп жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді атады. Президент Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде жер-жаһанда халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіре түсетінін, бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіріп отырғанын еске салып өтті [1].