ТЕРМИНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

  Қанағат Алтайбекова (Жезказган, Казахстан) |    Завантажити статтю

Тіліміздің дамуындағы өзекті мәселені термин жайы алып отыр. Терминді қазақшалау лексикалық қорды байыту ғана емес, ең әуелі тілдің ғылыми саласын дамыту көрінісі болып табылады. Сол себепті, тілдің қаншалықты лексикалық қоры бай болса да, оның терминдік жұтаңдыққа тап болуы заңды да. Терминологияны дамытуға сөздерді «құлағынан тізіп терминге айналдырудың» қатысы жоқ, ол ең әуелі сәйкес ғылыми саланың дамуына тәуелді жайт. Басқаша айтқанда, терминология – белгілі бір ғылыми ойлау жүйесінің даму нәтижесі. Егер де ғылыми салалар қазақ тілді ғалымдармен қамтылмаса, ал олардың жұмысы өз тіліндегі ғылымды дамытуды қамтымаса, сол саладағы терминология да тоқырайды.