ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  Ж.С. Таджибаева, К.Р. Ушакбаева (Тараз қ., Қазақстан Республикасы)  |    Завантажити статтю

Бүгінде ел арасында «қазақ мемлекеттілігі қай дәуірден басталады?», «қазақ хандығы қашан құрылды?» немесе “қазақ хандығының құрылғанына қанша жыл?” деген сауалдар көптің көкейіндегі сауалдардың біріне айналды. Себебі, осы жылы еліміз Қазақ хандығының негізі қаланғанына 550 жыл толуын кең көлемде атап өтпекші. Бұл жөнінде Елбасымыз мәлімдеген болатын. Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. «2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керек», – деген Елбасымыз Н.Назарбаев. Елбасы өз сөзінде: «1465 жылы сұлтандар Керей мен Жәнібек алғаш рет хандық құрып, біздің тарихымыз қазақ мемлекеттілігін осы кезден бастайды.