ҚАЗАҚ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  Мадина Қалдыбекова (Астана, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қыз-келіншектерге әшекей жасау – зергерлердің негізгі жұмысы. Ұста зергерлік бұйымдарды асықпай, жетесіне жеткізіп, тапсырыс берушінің қалауын, өзінің жанын тебіренткен дүниелерді және сол тұста нақты адамдарға қажет ақпаратты едәуір мөлшерде сол бір алақандай бұйымдарға сыйғызуға жанын салған. Дәстүрлі зергерлік бұйымдардың таңдаулы нұсқаларының ерекше тартымдылығының сыры осында жатыр. Қазақ зергерлері әйел әшекейлерін жасап, оларды жасалу және көркемдік ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға, түрлерге бөлген. Сол әшекейлердің ең бастыларына жеке-жеке тоқталып өткенді жөн көрдім.