ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚОҒАМЫ МЕН КӨП ӘЙЕЛ АЛУ

  З.О. Ибадуллаева, Акбота Сагиндикова (Астана, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Бұрынғы Кеңестік дәуірдің қыспағынан шығып, өз егемендігін алған қазақ халқы өзінің ұлттық құндылықтарын қайта жандандыруға ерекше мән беруде. Кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайында қазақ халқы көптеген ұлттық этникалық қасиеттерінен айрылып қалды. Ал, сақталып қалған ұлттық салт-дәстүрлердің бет пішіні, мазмұны өзгерістерге ұшырады. Ұлттық этникалық қасиеттердің ең бір құндыларына оның әдет-ғұрыптары жатады. Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғ. мен XX ғ. бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды.