ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

  Камила Алданазарова (Жезказган, Казахстан) |    Завантажити статтю

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген[1]. Қазіргі білім беру саласындағы соңғы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың бүгінгі таңдағы жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жаңа заман талабына сай маман болу мүмкін емес. Осы орайда атақты ұлы педагог К. Ушинскийдің «Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды үзіп, ізденуді тоқтата салысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірімен келіспеске болмайды[3].