ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ –ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

  Гүлмира Орал (Тараз қаласы, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Жер бетіндегі әр халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл мұралары бар. Ол – халықтың рухани қазынасы. Рухани қазына ата-бабамыздың мұрасы, тәрбиесі, бір сөзбен айтқанда жан дүниесіндегі адамгершілік құндылықтары. Халықтың мақсат-мүддесінен, арман-тілегінен, ізгі ойларынан, талап-тілектерінен пайда болған тәрбие нақыштары барша халыққа ортақ, оларды тәрбиелеудегі бірден-бір баға жетпес құрал болмақ.