ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

  Алтай Шалтабаев, Талғат Қойшыбай (Талдыкорган, Казахстан) |    Завантажити статтю

Бүгінгі ХХІ –ші ғасырдағы ғылым мен техниканың қарыштап өркендеген заманында заманауи озық техника-технологияны игеріп, пайдаланудың күнделікті өскелең өмірімізде алатын орны да маңызы да зор. Өйткені заман көшінен қалмай экономика мен мәдениетті өркендету баршаның игілікті ісі болып табылады. Соның ішінде қай сала болмасын криптографиялық жүйенің мүмкіндіктерін де кеңінен пайдаланудың маңызы ауқымды да зор. Криптографиялық жүйе дегеніміз – ол ежелден келе жатқан құпия жазу жүйесі.