ПАССИВТІ ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІДЕГІ АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАБУ ЖОЛДАРЫ

  Карлыгаш Иргибаева (Астана, Казахстан) |    Завантажити статтю

Әлемде жыл сайын таратылатын ақпараттың және пайдалануға берілетін коммуникациялық қызметтердің көлемі үнемі өсуде. Бұл жағдай алуан түрлі ақпараттың үлкен көлемін тарата алатын, сонымен бірге тарату сапасы жоғары болатын жаңа технологияларды енгізуді талап етеді. Бұндай технологияларға FTTx, атап айтқанда олардың коммерциялық өрістеуі жайлы бүкіл әлемде хабарлап жатқан уақытта, прогрессивті түрде біздің болмысымызға айналып жатқан PON (Passive Optical Networks) пассивті оптикалық желілері жатады.