МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  Гулзат Сембаева (Тараз, Казахстан) |    Завантажити статтю

Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалардың арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кезеседі.