ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДЫ ТИІМДІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ.

  Раушан Сейдрахманова (Тараз, Казахстан) |    Завантажити статтю

Ғылымның және технологияның қазіргі жағдайын бейнелейтін іргелі білім беру, болашақ мамандардың тек тәжірибені белсенді қабылдауды ғана емес, сонымен бірге интеллектуалдық шығармашылық қабілеттілігін анықтайды. Білім берудің осындай түріне қазіргі жоғары оқу орындары бағытталған. Болашақ мамандардың, яғни студенттердің зерттеу біліктерін меңгеру қажеттілігі, бір жағынан, Мемлекеттік стандарттың талаптарымен айқындалады, онда бітірушің осы кәсіби аспектісі нақты анықталған; екінші жағынан, қазіргі мамандардың кәсіби іс-әрекетімен айқындалады. Мысалы, педагогтардан болашақ мамандарды дайындауда іс-әрекеттің шығармашылық табиғатына сәйкес соның ішінде оны ұйымдастырудың мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға білім беру үрдісін зерттеу білігін талап етеді. Сондықтан да жоғары оқу орындарының студенттерін зерттеу жұмысы процедурасымен таныстыру керек, оны өткізудің дағдыларын қалыптастыру маңызды.